Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қолма-қол ақшаның 5 пайызын алып отырған": Қостанай тұрғынынан бір бума ақша тәркіленді

Опубликовано:

Тәркіленген ақша. Фото
Тәркіленген ақша. Фото: Polisia.kz

Қостанайда алаяқтарға делдал болды деген күдікпен 31 жастағы ер адам қамауға алынды. Тәртіп сақшылары оны қылмыстық жолмен алынған қолма-қол ақшаның 5 пайызын алды деген күдікке ілінгенін мәлімдеді, деп хабарлайды ІІМ Polisia.kz ақпараттық медиапорталы.

Ведомствоның мәліметінше, Қостанай облысы ПД киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында, алаяқтық жолмен алынған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырған күдіктіні ұстаған.

"31 жастағы ер адам банк филиалдарының бірінің жанында қолға түсті. Онда ол дроп картасынан ақшаны шешіп алған. Тінту кезінде ер адамнан ұялы телефон және 1,9 млн теңге тәркіленді. Ол қолма-қол ақшаны азаматтардан құйтырқы әрекеттермен алған алаяқтарға бергісі келген. Ер адам өз қызметі үшін ақшаның 5 пайызын алған", – деді Қостанай облысы криминалдық полиция басқармасы киберқылмысқа қарсы күрес бөлімінің бастығы Олжас Мағыпаров.

Сонымен бірге, аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлімі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталғаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2010103-qolma-qol-aqsanyn-5-paiyzyn-alyp-otyrgan-qostanai-turgynynan-bir-buma-aqsa-tarkilendi/

pixel