Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҰҚК Шекара қызметінің бұрынғы басшысы Дархан Ділмановты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

Жарияланған күні:

Дархан Ділманов. Фото
Дархан Ділманов. Фото: ҚР ҰҚК ресми сайты

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің бұрынғы басшысы Дархан Ділмановты қамауда ұстау мерзімі 2023 жылдың наурыз айының соңына дейін ұзартылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Алматы қаласы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылғы 20 ақпандағы хабарламасы бойынша, соттың қаулысымен сотқа дейінгі тергеу органының шағымы қанағаттандырылды және Д.-ға қатысты қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде қамауда ұстау мерзімін 1 айға, яғни 2023 жылғы 22 наурызға дейін ұзарту туралы санкция берілді", – деп хабарлады Алматы сотының өкілдері.

Айта кетейік, Ділмановтың ұсталғаны туралы ақпарат 2022 жылдың 22 маусымында белгілі болған еді.

ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары - ҰҚК Шекара қызметінің директоры, генерал-лейтенант Дархан Ділманов пен басқа да бірқатар тұлғалардың Қазақстан-Қытай шекарасының шекара бекеттерінде "қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану" фактісі бойынша ұсталған.

Ал 25 маусымда Дархан Ділмановтың қамауға алынғаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2010136-uqk-sekara-qyzmetinin-buryngy-bassysy-darxan-dilmanovty-qamauda-ustau-merzimi-uzartyldy/