jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Бас әскери прокуратура Жамбыл облысындағы сарбаз өліміне қатысты тергеу барысы туралы хабарлады

Сарбаз
Сарбаз. Көрнекі фото: pexels.com

Қазақстанның Бас әскери прокуратурасы ресми сайтында 2022 жылы тамызда "Шөлдала" шекара заставасындағы мерзімді әскери қызметшінің қазасына байланысты тергеу барысы туралы ақпарат жариялады.

Ведомствоның мәліметінше, заставаның келісімшарт бойынша әскери қызметшісі билікті асыра пайдалану арқылы өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізді деген күдікке ілінген.

"Қылмыстық іс материалдарына сәйкес ол Б.Мирашты және онымен бірге әскерге шақырылған басқа да мерзімді әскери қызметкерлерді жүйелі түрде психологиялық тұрғыда қорлап, соққыға жыққан", - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, тергеу жалғасуда және ерекше бақылауға алынған.

Сонымен бірге Бас әскери прокуратура тергеу барысында болған оқиғаның барлық нұсқасы, соның ішінде жыныстық зорлық-зомбылық дерегі тексерілгенін, алайда факті расталмаған атап өтті.

"Адвокаттың өтінішхаттары белгіленген мерзімде қаралды және қылмыстық іс жүргізу заңнамасы тәртібімен қанағаттандырылды.

Адвокат С. Пралиевтің қылмыстық істің мән-жайларын жариялау жөніндегі әрекеттерінің заңдылығын уәкілетті орган, адвокаттардың тәртіптік комиссиясы қарайды", - деді ведомстводан.

Сондай-ақ құзырлы орган Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жөніндегі өзге де ақпарат жария етілмейтінін хабарлады.

Еске салсақ, 2022 жылғы 19 тамызда Жамбыл облысындағы әскери бөлімде 18 жастағы Бекбол Мираш қайтыс болған еді. Оның денесі түнгі ондар шамасында атқора маңындағы жем-шөп сақтайтын қоймада табылған.

Бас әскери прокуратура Жамбыл облысындағы сарбаз өліміне қатысты тергеу барысы туралы хабарлады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.