Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда әскерге бармау үшін сотқа жүгінген жігіт жеңіліп қалды

Опубликовано:

әскери
Көрнекі фото: pixabay.com

Павлодар облысында жігіт әскерге шақыру комиссиясының шешімімен келіспей, сотқа шағымданды. Бұл әрекетін ол диспансерлік есепте тұруымен түсіндірген. Десе де жас жігіт сотта жеңілді, деп хабарлайды өңірдің облыстық сотының ресми сайты.

Ведомствоның хабарлауынша, сотқа шағымданған азамат өзіне "2-дәрежелі артериялық гипертензия, 2-қауіп. Митральды қақпақшаның пролапсы" диагнозы қойылғанын мәлімдеген. Дәлел ретінде ол осы аурумен "Д" есепте тұрғаны туралы жеке емханадан анықтама берген.

Сонымен бірге оның осы диагнозды нақтылау үшін, шақыру комиссиясының жолдамасымен кешенді медициналық тексеруден өткені белгілі болды.

Алайда онда жеке медициналық ұйымның кардиологы қойған "артериялық гипертензия" диагнозы расталмағаны анықталды.

Бұдан бөлек сотта амбулаторлы жағдайда артериалды қан қысымы бойынша тәуліктік бақылау болмағаны расталды. Осылайша жеке клиника дәрігері шағымданушыны диспансерлік есепке тексерусіз тұрғызған.

"Аталған жағдайда медициналық мекеме тарапынан заң бұзушылықтар орын алған, нәтижесінде ол шағымданушыға теріс әсер етіп, оған жөнді диагноз қойылмаған. Сол себепті ол әскери қызметке жарамсызбын деп ойлаған", - деп жазылған Павлодар облыстық соты хабарламасында.

Анықталған заң бұзушылықтарға байланысты, сот жеке ұйғарым шығарып, оған сәйкес медициналық қызмет көрсету сапасын бақылау жөніндегі уәкілетті органның назарына жеке емханадағы дәрігердің заң бұзушылықтары туралы хабарланды. Ал жеке ұйғарымға шағым түсірілмеген.

Сонымен бірге, хабарламада шешім заңды күшіне енгеннен кейінПаво сотқа кардиолог дәрігерді тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы жауап түскені айтылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2010199-ozin-askerge-barmau-kerek-dep-eseptegen-pavlodardyq-zigit-sotqa-zugingen/

pixel