Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Белгілі ғалым, академик Әбдімәлік Нысанбайұлы өмірден өтті

Опубликовано:

Әбдімәлік Нысанбайұлы
Әбдімәлік Нысанбайұлы. Фото: Ғылым Ордасы

Елімізге белгілі ғалым, философия ғылымының докторы, профессор, ұлттық Ғылым академиясының академигі Әбдімәлік Нысанбайұлы 86 жасында дүниеден озды. Ғалымның қазасы жайлы Ғылым ордасы Facebook парақшасында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Елімізге белгілі ғалым, философия ғылым докторы, профессор, Қазақстан Республикасы ұлттық ғылым академиясының академигі Әбдімәлік Нысанбайұлы 86 жасында дүниеден озды.

Нысанбаев 570-тен астам ғылыми, ғылыми-сараптамалық, ғылыми-әдістемелік еңбектер (оның ішінде 30 монография) мен жеке кітап және оқу құралдарын жазған. Бірқатар еңбегі әлемнің 25 тіліне аударылып, жарық көрген. Ғалымның туған-туыстарына, жақындарына қайғырып көңіл айтамыз", - деп жазды Ғылым ордасы.

Әбдімәлік Нысанбайұлы Нысанбаев 1937 жылы Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Қарауылтөбе ауылында дүниеге келген. 1960 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін тәмамдаған. 1994 жылы "Қазақстанға еңбегі сіңген ғылым қайраткері" атағымен, 1984 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығымен марапатталды.

Еңбек жолын 1960 - 1961 жылдары КСРО ғылым академиясының химия ғылымдары институтында аға лаборант қызметінен бастаған. 1961 - 1976 жылдар аралығында Қазақстан ғылым академиясының Философия және құқық институтында кіші ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, ғылым философиясы және методологиясы бөлімінің меңгерушісі болды. Ал 1990 жылдан Философия және құқық институтының директоры атанса, 1997 – 2003 жылдары "Қазақ энциклопедиясы" баспасының бас редакторы қызметін қоса атқарды.

Ол 1977 жылы "Философия ғылымдарының докторы", 1995 жылы "Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылым академиясының академигі", 1997 жылы "Украина саясаттану ғылым академиясының академигі", 2000 жылы "Бішкек Аймауытов атындағы халықаралық ғылым академиясының академигі", 2003 жылы "Қазақстан Республикасы ұлттық ғылым академиясының академигі" ғылыми атақтарына ие болды.

Нысанбаев Әбдімәліктің "Адам және ашық қоғам", "Қазақ философиясы", "Жаһандану және Қазақстанның орнықты дамуы" және басқа да туындылары бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2010238-belgili-galym-akademik-abdimalik-nysanbaiuly-omirden-otti/