Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астрахань тұрғыны 27 жылдан кейін туған әпкесін Ақтаудан тапты

Опубликовано:

Телефонмен сөйлесіп тұрған ер адам
Телефонмен сөйлесіп тұрған ер адам. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ресей азаматы 27 жылдан кейін туған әпкесін Ақтаудан тапты. Бұл ақпаратты Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

Lider.kz еріктілерінің Lada.kz сайтына хабарлауынша, оларға бір ай бұрын астрахандық Анатолий Самохвалов есімді азамат хабарласып, ағасы Геннадийді табуға көмектесуін сұраған.

Самохваловтың айтуынша, оның отбасы, ата-анасы, әпкесі, ағасы Ресейдің Астрахань қаласынан Ақтауға (бұрынғы Шевченко - ред.) көшіп кеткен. 27 жылдан бері олардан хабар болмаған.

Ақтаулық еріктілер Анатолий Самохваловтың туыстарын іздеп жатқаны туралы ақпаратты әлеуметтік желілер арқылы таратқан.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ресейліктің хабарламасын полиция қызметкері Бауырхан Асылбаев көрген. Осылайша ол Instagram әлеуметтік желісі арқылы Любовь Владимировна Шевченконы (Самохвалова) тауып, телефон соққан. Полицей әйелге бауырының іздеп жүргенін жеткізіп, олардың бір-бірімен хабарласуына көмектескен.

Любовь Владимировнаның сөзінше, бауыры мен ата-анасы өмірден өткен. Ал өзі інісі Анатолийді көретінінен күдерін үзіпті.

Десе де, іздеуге үлес қосқан еріктілер мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің арқасында 27 жыл көріспеген інісі мен әпкесі қайта қауышқалы отыр.

20 ақпанда бауырлар телефонмен сөйлескен. Нәтижесінде, Анатолийдің көру қабілеті нашар болғандықтан, оған әпкесі баратын болып келіскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2010248-astraxan-turgyny-27-zyldan-keiin-tugan-apkesin-aqtaudan-tapty/

pixel