Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда кәмелетке толмаған балалардың төлқұжаты үшін төленетін мемлекеттік баж салығы қысқаруы мүмкін

Опубликовано:

Қазақстан паспорты
Қазақстан паспорты. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Елімізде Салық кодексіне өзгерістер енгізу жоспарлануда. Атап айтқанда, кәмелетке толмағандарға төлқұжат беру үшін мемлекеттік баж салығының мөлшерін төмендету мәселесі талқылануда. Салықтың қаншаға қысқаруы мүмкін екені парламент сенатында айтылды.

Сенаттың қаржы және бюджет комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын талқылады.

Заң жобасында сотқа жүгінетін кезде борышкер адам үшін 0,3 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж мөлшерлемесі белгіленген.

Сондай-ақ жеке адамның төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, соттан тыс немесе сот арқылы банкроттық рәсімдерін қолдану үшін сотқа жүгінген кезде өсімпұлды есептеуді тоқтата тұру және соттың теріс шешімі болған кезде оны қайта жаңарту көзделіп отыр.

Құжатта сондай-ақ кәмелетке толмағандарға төлқұжат бергені үшін мемлекеттік бажды 8 АЕК-тен 4 АЕК-ке дейін төмендету ұсынылып отыр. Бұл дегеніміз баж салығы 2023 жылы 27 600 теңгеден 13 800 теңгеге дейін яғни екі есеге азаяды.

Заң жобасында сонымен қатар мемлекеттік орман қоры жерлерін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерін қоспағанда, барлық санаттағы жердің өсімдіктер дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы енгізу қарастырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2010285-qazaqstanda-kameletke-tolmagan-balalardyn-tolquzat-usin-tolenetin-memlekettik-baz-salygy-qysqaruy-mumkin/

pixel