Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өлтіремін деп қорқытты": Астанада ер адам жаңа танысқан бойжеткенге шабуыл жасады

Опубликовано:

Зорлық11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Астаналық бойжеткен өзі мен құрбысына барда танысқан жігіт шабуыл жасағанын мәлімдеді. Аталған оқиғаға қатысты полиция пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бойжеткен өзінің Instagram парақшасында, сенбі күні құрбысымен елордалық барлардың бірінде көңіл көтеріп отырған кезде, ер адаммен танысқанын мәлім еткен. Айтуынша азамат өзін балалар стоматологы деп таныстырған.

Кейін автордың сөзінше оның құрбысы әжетханаға кеткен, ал ер адам оның соңынан барып, оған тиісе бастаған.

"Ол одан қорғанбақ болып, жігітті итеріп жіберді, сөйтіп көзілдірігін сындырды. Кейін ол маған келіп, такси шақыруымды сұрады. Мен такси шақырып, біз бардан шықтық", - дейді бойжеткен.

Қыздар бардан шығып, ғимараттан алыстай бергені сол еді, барда танысқан ер адам тағы да оларға шабуылдаған. Бұл жолы оның қолында тіпті күрекке ұқсас зат болған.

"Ол бізді қорқытып, қазір бізді көміп тастайтынын, сөйтіп бізді ешкім таппайтынын айтты. Осы сәтте ол күректің жоғары жағын бұрап, оның ішінде пышаққа ұқсас зат бар екенін көрсетті", - дейді бойжеткен.

Бұл уақытта қыздарға такси жүргізушісі келіп жеткен. Автордың айтуынша, ол шабуылдаған ер адамға ойланыңыз деп өтініп, сабырға шақырумен болған.

"Сол кезде жас жігіт мені бас салып, өлтіремін деп айғайлады. Мен құлап түсіп, адамдарды көмекке шақыра бастадым", - дейді әйел адам.

Айтуынша шабуылдаған ер адамды такси жүргізушісі итеріп жіберген, десе де ер адам сонда да бойжеткенді жаралап үлгерген. Автор осылайша жарақаттану пунктіне барғанын әрі қолында анықтамасы барын жеткізді.

Бұған қоса әйел адам желіде өзінің зақымдаған қолының суретін салып, жараны тіккен фотоны жүктеген.

Бүгінде ару полицияға шағымданып, олар құзырлы орган өкілдері болған оқиғаны айтып берген. Сонымен бірге қыздар полиция басқармасында шабуылдаған жігітпен тілдескенін және аталған мәселені тек сотпен шешетіндерін атап өткен.

ПД баспасөз қызметі аталған оқиғаға қатысты тиісті сараптамалар тағайындалғанын хабарлады.

"Денеге жарақат түсіру дерегі бойынша, Байқоңыр ауданының полиция басқармасымен 30 жастағы заң бұзушыны анықталды. Қазіргі таңда сот-медицина сараптамасы тағайындалды, оның нәтижелері бойынша процессуалды шешім қабылданатын болады", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2010303-oltiremin-dep-qorqytty-astanada-er-adam-zana-tanysqan-boizetkenge-sabuyl-zasady/

pixel