Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы мен Астанадағы журналистерге қарсы қылмыс: полиция 18 күдіктіні ұстады

Опубликовано:

Журналистер камерамен бірге. Көрнекі сурет
Журналистер камерамен бірге. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қазақстандық полицейлер журналистер мен блогерлерге қатысты заңсыз әрекет жасады деп күдіктелген 18 адамды ұстады, деп хабарлайды ІІМ Polisia.kz Telegram-арнасы.

Ведомство ұсынған мәліметтерге сәйкес, 2022 жылғы қыркүйектен бастап биылғы жылдың 20 ақпанына дейін, Алматы және Астана қалаларында 6 журналист пен блогерге, сондай-ақ 1 адамға қатысты олардың қызметімен байланысты бірқатар құқыққа қарсы әрекеттер жасалған.

Осылайша, жәбірленушілерге қатысты жылжымайтын мүлікке қасақана зақым келтіру, автокөліктерді өртеу, оларға әртүрлі заттарды жөнелту арқылы қорқыту фактілері, жәбірленушілердің мекенжайлары бойынша терроризм актісі туралы жалған хабарламалар және интернет желісінде дербес деректерін тарату фактілері жасалған.

Құзырлы орган таратқан мәліметтер бойынша, аталған қылмыстарды ашу мақсатында, бүгінде ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылған.

"ҚР ҚК 115 “Қауіп”, 147 “Жеке өміріне қатысты мәліметтерді тарату”, 158 “Журналистік қызметке кедергі жасау”, 202 “Бөтеннің мүлкін қасақана жою”, 293 “Бұзақылық” баптары бойынша 20 қылмыстық іс қозғалды", - деп жазылған хабарламада.

Ведомство аталған жайттарға қатысы бар 18 адам ұсталғанын хабарлайды. Сондай-ақ дәлелдемелік базаны нығайту бойынша қажетті тергеу-жедел іс-әрекеттері жүргізіліп жатқандығын белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2010305-qazaqstanda-zurnalister-men-blogerlerge-qatysty-zansyz-areket-zasady-dep-kudiktelgen-18-adam-ustaldy/

pixel