Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада кей көшелер жарықсыз қалды

Опубликовано:

Жарық
Көрнекі фото: pixabay.com

Елордада кей көшелердің жарықсыз қалуына байланысты "Астана аймақтық электр желілік компаниясы" түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Басылымның хабарлауынша, бүгін әлеуметтік желіде Астананың Байқоңыр ауданында электр жарығы өшіп қалғаны туралы мәліметтер мен суреттер таралған.

Аталған жайтқа қатысты қаланы электр қуатымен жабдықтауға жауапты компания пікір білдірді.

"Астана" 110/10 кВ қосалқы стансасында электр қуатының ажырауы орын алды. Жұмысшылар ақаудың себебін анықтап жатыр", - деп жазылған Астана аймақтық электр желілік компаниясының баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сонымен бірге компания мәліметі бойынша, жарықтан ажыраған үйлердің кейбіріне қазірдің өзінде электр қуаты қайта қосыла бастаған.

Сондай-ақ жауапты мамандар ақаудың нақты себебін анықтап, мәлім етуге уәде берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2010308-elordada-kei-koseler-zaryqsyz-qaldy/

pixel