Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"70 жыл еш жерде жарияланбаған": әйгілі батыр Амангелді Имановтың портреті табылды (видео)

Опубликовано:

Батырдың портреті. Кадр видеодан алынды
Батырдың портреті. Кадр видеодан алынды: Хабар 24

Қостанайда облыстық өлкетану мұражайынан қазақ халқының батыры Амангелді Имановтың портреті табылды, деп хабарлайды "Хабар 24".

Телеарнаның хабарлауынша, көне жәдігер Астана қаласында Амангелді Имановтың 150 жылдығына орай өтетін көрмеге материалдар іздестіру кезінде қоймадан шыққан.

Батырдың портреті ұлт азаттық көтерілісінің 40 жылдығына орай 1956 жылы салынған. Туындының авторы – Крутилников деген суретші.

"Сол жылы ғана көрсетіліп, содан кейін ешқайда көрсетілмеген ғой. 70 жылға жуық уақыт ішінде еш жерде жарияланбаған. Ертең 3 сәуірде елорда төрінде, Астанада жарыққа шығарылады. Бұл көрме тек Астанада ғана болмайды, әрі қарай бізде Ақтөбе облысы сұратып жатыр, жаз мезгілінде бұрынғы Семей қазіргі Абай облысы сұратып жатыр", - дейді облыстық өлкетану мұражайының директоры Батырхан Жұмабай.

Телеарна тілшісі портретте Амангелді Иманов Әбілхан Қастеев салғандай, қарсы алдынан емес, бір қырынан бейнеленгенін атап өтті. 

Бұдан бөлек қоймадан батырдың балаларының, жүзбасы, мыңбасыларының да суреттері табылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2010342-70-zylga-zuyq-uaqyt-isinde-es-zerde-zariyalanbagan-aigili-batyr-amangeldi-imanovtyn-portreti-tabyldy-video/

pixel