Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Антикор: Ақтау әкімдігі Каспий жағалауынан 21 жер телімін заңсыз берген

Опубликовано:

Каспий теңізінің жағалауы
Каспий теңізі. Фото: Gov.kz

Ақтауда Каспий теңізінің жағалауынан 21 жер телімі заңсыз берілген. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Шамурайт Шәменов айтты, деп хабарлайды ведомствоның ресми сайты.

Ведомствоның хабарлауынша, Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті теңіз жағалауындағы жерлердің берілуіне мониторинг жүргізген. Нәтижесінде Каспий жағасындағы туризмді дамытуға арналған 21 жер телімі негізсіз берілгені анықталды.

"2021 жылы қалалық әкімдік тұрғынға "демалыс базасы құрылысын салуға арналған" игерілмеген 10 соттық жер телімін кеңейту үшін іргелес жерден қосымша тағы да көлемі 4,7 соттық жер телімін 3 жылға жалға берген. Жер телімі осы күнге дейін игерілмеген және мемлекетке қайтару үшін сотқа талап арыз берілді", – дейді Шамурайт Шаменов.

Сондай-ақ тағы бір тұлға теңіз жағалауында қонақ үй құрылысын салуға арналған 1,5 гектар жерін кеңейту үшін әкімдіктен тағы да 1,4 гектар жер телімін жалға алған. Жерді жалға алған тұлға оны игерместен басқа адамға сатып жіберген. Қазіргі кезде жер игерілмегені үшін мемлекетке қайтару туралы сотқа талап арыз берілген.

Одан бөлек спикер жер қатынастары саласына жүргізілген мониторинг нәтижесінде кәсіпкерге негізсіз берілген 7 гектар жер телімі мемлекетке қайтарылғанын атап өтті. Алдағы уақытта ол жер телімі аукцион арқылы сатылымға шығарылатынын айтты.

"Департамент мониторинг нәтижесінде анықталған кемшіліктер мен оларды шешу жұмыстарын жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп қабылдауда. Жер қатынастары саласына жүргізілген мониторинг сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасының негізінде жасалды", – дейді Шаменов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2010442-antikor-aqtau-akimdigi-kaspii-zagalauynan-21-zer-telimin-zansyz-bergen/

pixel