jitsu gif branding logo appbranding logo app

Алматыдан 450 шақырым жерде екі рет жер сілкінді

Тас жол
Тас жол. Көрнекі фото: Рexels.com

Бүгін Алматының оңтүстік-шығысында Қытай аумағында магнитудасы 5,3 және 4,5 болатын екі жер сілкінісі болды. Бұл туралы ТЖМ "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясының" ресми сайтында хабарланды.

"ТЖМ "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2023 жылғы 22 ақпанда Алматы уақытымен 16:25:56 – да (2023 жылғы 22 ақпанда Гринвич бойынша 10:25:56-да) жер сілкінісі тіркелді", – делінген хабарламада.

Бұл дүмпудің эпицентрі Қытай аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 439 шақырым жерде орналасқан. Магнитудасы 5,3 болды.

7 минуттан кейін Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 450 шақырым жерде, тағы да Қытай аумағында екінші жер сілкінісі тіркелді. Оның магнитудасы – 4,5.

Мамандардың айтуынша жер сілкінісінің сезілетіндігі туралы ақпарат болмаған.

Алматыдан 450 шақырым жерде екі рет жер сілкінді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.