jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Мемлекеттік қызметке орналасуда қазақ тілін білу талабы енгізілуі мүмкін

Ер адам
Ер адам. Көрнекі фото: Рixabay.com

Мемлекеттік қызметке орналасу кезінде үміткерге қазақ тілін білу талабы қойылуы мүмкін. Бұл туралы ОКҚ өткен брифингіде Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Азамат Жолманов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қазір мемлекеттік қызметшіге азамат өтініш берген тілде жауап беруі керек деген талап қойылады. Ол үшін біз жұмыс істеп жатырмыз. Бүгінгі таңда Мемлекеттік басқару академиясына магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқуға түсу үшін қойылатын шарттардың бірі – азаматтың мемлекеттік тілді меңгеруі орта деңгейден төмен болмауы тиіс.

Сондай-ақ президенттік жастар кадр резервіне іріктеу кезінде мемлекеттік тілді меңгеру туралы талап бекітілді. Қазіргі уақытта біз мемлекеттік қызметке орналасу кезінде қазақ тілін міндетті білу талабын енгізу мәселесін талқылап жатырмыз. Егер бұл талап бекітілетін болса, оны қосымша хабарлаймыз", – дейді Азамат Жолманов.

Спикер мемлекеттік қызметшілердің қазақ тілді меңгеру мәселесі кейінгі уақытта қоғамда қызу талқыланып жүргенін атап өтті. Оның айтуынша, қызметшілер қоғам талабына сай өздерінің кәсіби дағдыларын жетілдіріп отыруы тиіс.

Мемлекеттік қызметке орналасуда қазақ тілін білу талабы енгізілуі мүмкін

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.