jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Қазақстандағы ауасы ең лас қалалар аталды

Алматы қаласы
Алматы қаласы. Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

"Қазгидромет" мамандары ауа сапасын жақсартуға бағытталған Орталық Азия конференциясында Қазақстандағы ауасы ең лас қалаларды атады, деп хабарлайды Хабар24 арнасы.

Мамандардың айтуынша, еліміздегі ауасы ең лас қалалардың көшін Қарағанды, Теміртау, Алматы және Астана шаһарлары бастап тұр.

Жиынға қатысқан халықаралық сарапшылар мұндай проблема Қазақсанда ғана емес, сонымен қатар Орталық Азияның өзге де елдерінде байқалып отырғанын атап өткен.

Мамандар ауаның қатты ластануын жылу электр орталықтарынан, көмір жағатын жеке секторлардан, өнеркәсіптік өндіріс ошақтарынан бөлінетін зиянды қалдықтарымен және көшедегі көліктердің көптігімен байланыстырып отыр.

Бұл ретте, мамандар ауа сапасын жақсарту үшін тез арада атмосфералық ауа сапасының жаңа стандарттарына көшу жөніндегі іс-қимылдар жоспарын әзірлеу қажеттігін айтады.

Қазақстандағы ауасы ең лас қалалар аталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.