jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Найман қызы
Әсел Найман қызы
Бұрынғы қызметкер

20 градус жылы, қар, боран: Бүгін ел мегаполистерінде ауа райы қандай болады

Қыс көрінісі. Көрнекі сурет
Қыс көрінісі. Көрнекі сурет: pixabay.com

Бейсенбі, 23 ақпанда, Алматы мен Шымкентте ауа райы жылы, жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. Ал Астанада синоптиктер дауылдық ескерту жариялады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Синоптиктердің болжамынша, Алматыда бүгін жауын-шашын болмайды, күндіз оңтүстік астанада термометр көрсеткіштері +12...+14 градусқа дейін көтеріліп, түнде ауа температурасы +2...+4 градусты құрайды. Мегаполистегі желдің жылдамдығы 0-5 м/с-ке дейін жетеді.

Шымкентте де ауа райы ашық болады, ауа температурасы +18...+20 градусқа дейін көтеріледі. Ал түнде мегаполисте 0...2 градус жылы болады деп күтілуде. Сонымен қатар қала тұрғындарына 8-13 м/с-ке дейін, кей жерлерде 15-20 м/с-ке дейін желдің күшеюі болады деген ескерту жасалды.

Астанада күндіз жауын, қар жаууы мүмкін, ал ауа температурасы 0...+2 градусқа дейін көтеріледі. Синоптиктер түнге қарай күн ашылып, ауа температурасы -7...-9 градусқа дейін төмендейдейді деп болжап отыр.

Сондай-ақ боран, көктайғақ және 9-14 м/с, кей жерлерде 15-20 м/с-ке дейін жететін қатты жел салдарынан қалада дауылдық ескерту жарияланды.

20 градус жылы, қар, боран: Бүгін ел мегаполистерінде ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.