Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіде Тәжікстан мен Қытай шекарасындағы жер сілкінісінің видеосы пайда болды

Опубликовано:

Жер сілкінісі
Жарылған жер. Көрнекі фото: pixabay.com

Бүгін таңертең Тәжікстан мен Қытай шекарасында магнитудасы 7,3-ке тең жер сілкінісі болды. Әлеуметтік желіде оқиға орнынан видеолар көптеп жариялана бастады.

Бұған дейін хабарланғандай, жерасты дүмпулері Шыңжаң-Ұйғыр автономды ауданымен шекаралас аймақта орын алған.

Тұрғындар арасынан зардап шеккендер туралы ақпарат әлі келіп түскен жоқ.

Тәжікстандағы "Авеста" басылымы елдің ҰҒА Сейсмология және сейсмикалық тұрақты құрылыс институтының деректеріне сүйене отырып, алғашқы жерасты дүмпулерінен кейін жер сілкінісі тағы үш мәрте болғанын жазады. Олардың магнитудасы тиісінше 5,5, 6 және 6,3 болған.

Душанбедегі жер сілкінісінің магнитудасы 2,3-ке тең болған.

Ал Gazeta.uz басылымы жер сілкінісі Өзбекстанның да барлық дерлік өңірінде сезілгенін мәлім етті. Әсіресе Ферғана, Әндижан, Наманган және Сырдария облыстарында қатты сезілген, себебі бұл өңірлердегі жер сілкінісінің магнитудасы 4-ке тең болған. Ташкентте жер асты дүмпулерінің күші 3-4 балға жеткен. Жер сілкінісінің ошағы Өзбекстан астанасынан 435 шақырым қашықтықта орналасқан.

Табиғи құбылысты Қытай тұрғындары да сезген. Бұл туралы қытайлық БАҚ-тарға сілтеме жасаған "Интерфакс" хабарлады. Жер сілкінісін әсіресе Шыңжаң елдімекендерінде қаттырақ сезген. Қираған ғимараттар мен зардап шеккен тұрғындар туралы ақпарат жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2010527-zelide-tazikstan-men-qytai-sekarasyndagy-zer-silkinisinin-videosy-paida-boldy/

pixel