jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Найман қызы
Әсел Найман қызы
Бұрынғы қызметкер

Қазақстанда 20 жылдан астам уақыт құжатсыз тұрған шетел азаматы үйленіп, 5 баланың әкесі атанған

төлқұжат
Шетелдік төлқұжат. Көрнекі фото: pixabay.com

Өзбекстан азаматы 20 жылдан астам уақыт бойы Қазақстанда құжатсыз өмір сүрген. Осы уақыт аралығында ер адам отбасын құрып, бес баланың әкесі атанып үлгерген, деп хабарлайды ІІМ ресми Telegram-арнасы.

Ведомствоның мәліметінше, 1951 жылы туған Өзбекстан Республикасының азаматы Қазақстан аумағына 2000 жылдары келген. Ол осы уақыт аралығында Қазақстан азаматшасымен отбасын құрып, араларында бес бала дүниеге келген.

72 жастағы шетелдіктің айтуынша, сол жылдары ол құжат дайындамақ болған, алайда қажетті құжаттарды толық жинақтап, тапсырмаған.

"Атырау қаласы ПБ Көші-қон полиция бөлімінің қызметкерлері шетелдіктің жеке басын анықтай отырып, еліне қайтару үшін тиісті құжаттар тізбесін Ақтау қаласындағы Өзбекстан Республикасының елшілігіне жолдаған", - деп жазылған хабарламада.

Қазақстанда 20 жылдан астам уақыт құжатсыз тұрған шетел азаматы үйленіп, 5 баланың әкесі атанған

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.