Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сойылған 50 өлексе табылды": Ақмола облысында ер адам иттің етін сатты деген күдікке ілінді

Опубликовано:

Ит
Көрнекі фото: pixabay.com

Ақмола облысында полицейлер иттерге қатыгездік танытты деген күдікпен 41 жастағы ер адамды ұстады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі ресми Telegram арнасында хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, полиция қызметкерлері еріктілермен бірлесіп, қаңғыбас иттерді аулап, олардың етін сатты деген күдікпен Ақмола облысының 41 жастағы тұрғынын ұстаған.

Қазіргі таңда жануарларға қатыгездікпен қарау фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 316-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.

"Тұрғылықты жерін тексеру барысында жалпы салмағы 750 келіге жуық 50 иттің өлексесі сойылған табылды. Қажетті сараптамалар тағайындалды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар полиция тергеуге мүдделі мемлекеттік органдар тартылғанын атап өтті.

Қылмыстық-процестік заңнаманың талаптарына сәйкес, тергеудің өзге де егжей-тегжейлері жария етілмейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2010634-soiylgan-50-olekse-tabyldy-aqmola-oblysynda-er-adam-ittin-etin-satty-degen-kudikke-ilindi/

pixel