jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Найман қызы
Әсел Найман қызы
Бұрынғы қызметкер

Жаңбыр, тұман, көктайғақ: Қазақстан мегаполистерінде бүгін ауа райы қандай болады

тұманды күн
Тұманды күн. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер, жұма, 24 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Оған сәйкес жұмада Алматыда күн жауын-шашынсыз болса, Астана мен Шымкентте дауылдық ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Синоптиктердің мәліметінше, бүгін Алматыда күн ала бұлтты болады, десе де жауын-шашын жаумайды. Күндіз +13...+15 градус, түнде 0...+2 градус жылы болады. Желдің жылдамдығы 0-5 м/с.

Астана тұрғындарын қолайсыз ауа райы күтіп тұр. Күндіз -7...-9 градус суық болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Ал түнде термометр көрсеткіштері -18...-20 градусқа дейін төмендейді.

Сондай-ақ қалада боран мен көктайғаққа байланысты дауылдық ескерту жарияланды. Полицияның хабарлауынша, қолайсыз ауа райына байланысты 23 ақпанда қаладан шығатын жолдардың барлығы жабылған.

Шымкентте де бүгін қатты жауын-шашынға (жаңбыр, қар түрінде) сондай-ақ тұман, көктайғақ және жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін жететін күшті желге байланысты дауылдық ескерту жарияланды.

Дегенмен, үшінші мегаполисте күндіз +14...+16, түнде 0...+2 градус жылы болмақ.

Жаңбыр, тұман, көктайғақ: Қазақстан мегаполистерінде бүгін ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.