Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ІІМ генерал-майор Берік Біләловтың ұсталуына қатысты түсініктеме берді

Жарияланған күні:

Берік Біләлов
Берік Біләлов. Фото: Кazpravda.kz

Ішкі істер министрлігі генерал-майор Берік Біләловтың ұсталуына қатысты пікір білдірді. Ақпарат ведомствоның ресми Telegram жаңалықтар арнасында жарияланды.

Ведомствоның хабарлауынша, Ішкі істер министрлігінің Өзіндік қауіпсіздік департаментіне биыл қаңтарда 2021 жылы алаяқтық жолмен ақшалай қаражатты иемдену туралы өтініш келіп түскен. Өтініштен кейін СҚО бойынша ҚАЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы Берік Биляловқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

"Бас прокуратураның ұйғарымымен бұл қылмыстық іс бойынша тергеуді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жүргізеді. Тергеу бойынша жиналған материалдар осы органға жіберілді.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы туралы өзге де ақпарат жария етілмейді", – деп түсіндірді ведомствода.

Еске салсақ, бұған дейін генерал-майор Берік Біләловтың ұсталғаны белгілі болған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2010752-iim-general-maior-berik-bilalovtyn-ustaluyna-qatysty-tusinikteme-berdi/