БАҚ: СҚО-да генерал-майор Берік Біләлов ұсталды
Жарияланған күні:
Бұрын Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының міндетін уақытша атқарған (ҚАЖД) Берік Біләлов ұсталды. Бұл туралы ақпаратты Петропавловск.news басылымына Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі растаған.
ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің хабарлауынша, Біләлов ресми түрде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығы болып тағайындалмаған, ол тек бірнеше ай департамент басшысының міндетін атқарған.
Сонымен бірге комитет СҚО-ға Біләлов екі айға іссапарға жіберілгенін және бір апта бұрын ол жақтан қайтып келгенін мәлім етті. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті қазіргі таңда Біләловтің ұсталғанын растап отыр.
Дегенмен ведомство ұсталған сәтте оның қылмыстық-атқару жүйесі комитетінде жұмыс істемегенін атап өтті.
Айта кетейік, СҚО бойынша ҚАЖД басшысының м.а. қызметіне Берік Біләлов 2022 жылдың қараша айында, колонияда бір тұтқын екіншісін мерт қылған жағдай орын алғаннан кейін тағайындалған еді.
Ал сол кезде өңірдің Қылмыстық-атқару жүйесі департаментін басқарған әділет полковнигі Рустан Ахметжанов қызметінен босатылған еді.
"Параграф" порталындағы мәліметтерге сүйенсек, 60 жастағы Берік Біләловтің полиция генерал-майоры атағы бар.
Еңбек жолын ол 1990 жылы учаскелік полиция инспекторы қызметінен бастаған. Әр жылдары Солтүстік Қазақстан облысының ІІБ, ІІД-де басшылық қызметтер атқарған. Сондай-ақ СҚО, Ақмола облысының полиция департаменттерін, ІІМ Криминалдық полиция комитетін басқарған. ІІМ-нің орталық аппаратында жұмыс істеген.
Сонымен қатар Ұйымдасқан қылмыспен және ТМД аумағындағы өзге қылмыстармен күресті үйлестіру бюросында өкілетті өкіл болған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2010678-baq-sqo-da-general-maior-berik-bilalev-ustaldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.