Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҰҚК Алматыдағы заңсыз қару-жарақ жеткізу арнасының жолын кесті (фото)

Опубликовано:

Тәркіленген қару-жарақ
Тәркіленген қару-жарақ. Фото: Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматыда заңсыз қару тасымалы арнасын тоқтату мақсатында арнайы операция жүргізді. Ұйымдастырушы деген күдікті мен оның сыбайластары қамауға алынды. Бұл туралы ведомствоның ресми сайтында хабарланды.

Ведомствоның хабарлауынша, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласында заңсыз қару айналымы арнасының жолын кесуге бағытталған арнайы операция өткізіп, оның ұйымдастырушысы деп күдіктелген ер адам мен оның көмекшілерін құрықтаған.

"Бұл операция алдында ұзақ жедел зерделеу жұмысы жүргізіліп, оқ-дәрімен ататын және өзге де суық қаруды, сонымен қатар оқ-дәрінің сирек кездесетін түрлерін жеткізу мен сату жүйелері анықталды, құжатпен бекітілді", – дейді ҰҚК қызметкерлері.

Тәркіленген қару-жарақ
Тәркіленген қару-жарақ. Фото: Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі

Күдіктілер құпиялық шараларын қатаң сақтап, саудалаудың қалыптан тыс әдістерін пайдалану арқылы қылмыстық ұйымның жұмысын әшкерелеуді қиындатқан.

Уақытылы қабылданған шаралар нәтижесінде қылмыстық бизнеске тосқауыл қойылды.

Арнайы операция кезінде қару-жарақтың негізгі бөлігі жақын шет елдерден қалыптасқан құпия арналар арқылы жеткізіліп тұрғаны анықталды.

Тәркіленген қару-жарақ
Тәркіленген қару-жарақ. Фото: Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі

"Заңсыз айналымнан 12 бірлік қару (жетілдірілген тапаншалар, мылтықтар, заманауи жабдықталған қарулар), 2000-нан аса оқ-дәрі, сонымен қатар суық қарудың бірнеше түрлері (мөлшермен жасалған қымбат пышақтар, қанжарлар, қылыштар, жүзі жасырылған қол таяқтар т.б.) алынды", – дейді ҰҚК өкілдері.

Жедел-тергеу іс-шаралары әлі жалғасуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2010801-uqk-almatydagy-zansyz-qaru-zaraq-zetkizu-arnasynyn-zolyn-kesti-foto/

pixel