Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Теміртауда алып бала дүниеге келді

Опубликовано:

Нәресте
Нәресте. Көрнекі фото: pixabay.com

Теміртауда "Ана мен бала" көпсалалы орталығында салмағы 5055 грамм батыр бала дүниеге келді. Нәресте үйдің төртінші баласы, деп хабарлайды Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомства мәліметінше, әйел ауруханаға 22 ақпанда түскен, салмағы 5055 грамм, бойы 57 сантиметр ұл баланы дүниеге әкелген.

"Әйелдің бұл төртінші баласы. Қазіргі уақытта анасы мен баласы дәрігерлердің бақылауында "ана мен бала" палатасында. Жағдайлары қалыпты. Акушерлікте үлкен салмақты балалардың туылуы жиі кездеседі, яғни бұл 4000 г-нан асатын балалар, олар үлкен болып саналады. Ал салмағы 5000 грамнан асатын сәбилер алып балалар тобына жатады", - делінген баспасөз хабарламасында.

Сонымен қатар биылғы жылдың басынан бері төрт үлкен салмақты дүниеге келген. Оның біреуі Теміртау қаласында туған ұл бала.

"2022 жылы үлкен салмақпен - 54 нәресте, алып салмақты -10 нәресте дүниеге келді. Оның ішінде ең үлкені Облыстық клиникалық аурухананың перинаталдық орталығында дүниеге келген, салмағы - 6520 грамм", - деді Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2010810-temirtauda-alyp-bala-duniege-keldi/

pixel