Танымал Нұрлан имам 7 тіл білетінін айтты
Жарияланған күні:
Имам, дінтанушы, теолог, психолог Нұрлан Байжігітұлы бірнеше тіл білетінін айтты. Дінтанушы қырғыз, өзбек, әзербайжан, түрік, араб, орыс тілдерін меңгерген, деп жазады Turkystan.kz басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Халқымыздың "Қанша елдің тілін білсең, сонша түрлі ілім ілесің" деген дана сөзімен, "Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте" деген ұлағатымен, "Мұсылман адам жеті тілді білу керек" деген өсиетпен өскен өз заманымыздың өреніміз. Ана тілім басқа тілдерден жоғары тұрады. Бұл – менің ұлтшылдығым емес, ұлтжандылығым.
Әр қазақ – жалғызым, бауырым. Мейлі ол жаман болса да. Мен білетін қырғыз, өзбек, әзербайжан, түрік тілдеріне таңданудың қажеті жоқ. Бұл тілдерді білу әр қазаққа жарасады, өйткені біз түркі тілдес халықпыз. Араб тілі – Құран тілі, Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың тілі. Орыс тілі – көршімнің тілі. Тіл – қарым-қатынас құралы. Әр халыққа осы арқылы жол таба білу өзіндік амал-тәсілім деген дұрыс шығар", - деді Нұрлан имам.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2010812-tanymal-nurlan-imam-7-til-biletinin-aitty/