jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұр Еркін
Нұр Еркін
Бұрынғы қызметкер

Танымал Нұрлан имам 7 тіл білетінін айтты

Нұрлан имам
Нұрлан имам. Скриншот: "Қызық премия" бағдарламасы

Имам, дін­тану­шы, теолог, психолог Нұрлан Байжі­гіт­ұлы бірнеше тіл білетінін айтты. Дінтанушы қыр­ғыз, өзбек, әзербайжан, түрік, араб, орыс тілдерін меңгерген, деп жазады Turkystan.kz басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Халқымыздың "Қанша елдің тілін біл­сең, сонша түрлі ілім ілесің" деген дана сө­зі­мен, "Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құр­мет­те" деген ұлағатымен, "Мұсылман адам жеті тіл­ді білу керек" деген өсиетпен өскен өз за­манымыздың өреніміз. Ана тілім басқа тіл­дерден жоғары тұрады. Бұл – менің ұлт­шыл­дығым емес, ұлтжандылығым.

Әр қазақ – жалғызым, бауырым. Мейлі ол жаман болса да. Мен білетін қыр­ғыз, өзбек, әзербайжан, түрік тілдеріне таң­дану­дың қажеті жоқ. Бұл тілдерді білу әр қа­заққа жарасады, өйткені біз түркі тілдес ха­лық­пыз. Араб тілі – Құран тілі, Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың тілі. Орыс тілі – көр­шімнің тілі. Тіл – қарым-қатынас құралы. Әр халыққа осы арқылы жол таба білу өзіндік амал-тәсілім деген дұрыс шығар", - деді Нұрлан имам.

Танымал Нұрлан имам 7 тіл білетінін айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.