Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркияның 30 құтқарушысы Қазақстанда дайындықтан өтеді

Жарияланған күні:

құтқарушылар
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Түркияның отыз құтқарушысы Қазақстанда дайындықтан өтеді. Еліміздің білікті құтқарушылары оларға төтенше жағдай кезінде тиімді әрекет етудің қыр сырын үйретеді. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында айтылды, деп хабарлайды 24.kz.

Зілзаладан зардап шеккен Түркия халқына көмектесу үшін Алматыдан 33 құтқарушы және апаттар медицинасы орталығының 5 дәрігері аттанған болатын.

Жалпы, Қазақстаннан барған 100-ден аса құтқарушы үйінділер астынан жеті адамды құтқарып, 88 мәйітті алып шықты. Олар Түркияда тәулігіне 16 сағаттан жұмыс істеді.

Құтқарушыларға 3 қызметтік ит көмектескен. Солардың бірі Джейкоб 3 метр тереңдікке дейін түсіп, зардап шеккендерді табуға атсалысқан. 

"Қазақстанның құтқарушыларының кәсібилігін түрік азаматтары жоғары бағалады. Жұмыс барысында "Қазақтар мықтысыңдар. Сендерде жиі жер сілкінісі бола ма?" деп сұрағандар болды. Біз оларға елімізде білікті  құтқарушылар мектебінің қалыптасқанын жеткіздік. Шын мәнінде, елімізде жыл сайын түрлі жаттығулар, семинарлар өтіп тұрады. Сол шаралардың көмегі тиді", - деді Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігі республикалық жедел-құтқару жасағының басшысы Владимир Цой.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2010818-turkiyanyn-30-qutqarusysy-qazaqstanda-daiyndyqtan-otedi/