Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Түркия мен Сирияға барған құтқарушыларды марапаттады

Опубликовано:

Түркиядан келген құтқарушылар мен медиктер
Қазақстандық құтқарушылар мен медиктер Түркиядан келді. Архивтік фото: Т.me/qr_tjm

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия мен Сириядағы Төтенше жағдай кезінде құтқару жұмыстарына қатысып, көрсеткен ерлігі үшін құтқарушыларды арнайы орден және медальмен марапаттады, деп хабарлайды президенттің Telegram-дағы ресми баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысының Жарлығымен қызметтік борышын атқарудағы жанқиярлығы, сондай-ақ Түркия Республикасындағы және Сирия Араб Республикасындағы төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі үшін марапатталды:

ІI дәрежелі "Айбын" орденімен:

  • Жоламанов Айдын Қарақоржынұлы, Төтенше жағдайлар министрлігі Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бастығы;
  • Топанов Құрманғали Сатыбайұлы, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ұланы 3656 әскери бөлімінің авиациялық жасағының кеме командирі.

"Құрмет" орденімен:

  1. Айтпаев Ардақ Мақсұтұлы, Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі басшысының орынбасары-құтқарушы;
  2. Сойко Руслан Анатольевич, Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бөлімше басшысы – құтқарушы;
  3. Цой Владимир Константинович, Төтенше жағдайлар министрлігі Республикалық жедел-құтқару жасағының басшысы – құтқарушы.

"Ерлігі үшін" медалімен:

  1. Алдабекова Алмагүл Амангелдіқызы, Төтенше жағдайлар министрлігі Апаттар медицинасы орталығы Қарағанды облысы бойынша филиалының дәрігері;
  2. Арифджанов Султан Бахтиярович, Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің басқарма бастығы;
  3. Берлыбеков Ерік Берікұлы, Төтенше жағдайлар министрлігі Республикалық жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы;
  4. Горбачев Виталий Евгеньевич, Төтенше жағдайлар министрлігі Республикалық жедел-құтқару жасағының бөлімше басшысы-құтқарушы;
  5. Денисов Дмитрий Анатольевич, Төтенше жағдайлар министрлігі Республикалық жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы;
  6. Қозыбахов Жазылбай Қалдыбайұлы, Төтенше жағдайлар министрлігі Апаттар медицинасы орталығы Алматы қаласы бойынша филиалының басшысы – дәрігер;
  7. Оразалин Қахарман Нұртасұлы, Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды жою департаментінің бастығы;
  8. Сарсембаев Абдолла Валериевич, Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бөлімше басшысы – құтқарушы.

"Жауынгерлік ерлігі үшін" медалімен:

  • Хабиболла Берікболсын Нұрболатұлы, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ұланы 3656 әскери бөлімінің литерлік авиациялық жасағының кеме командирі.

"Ерен еңбегі үшін" медалімен:

  • Гудеев Николай Николаевич, «Бүркіт» мемлекеттік авиакомпаниясының ұшу қызметінің Ил-76 ұшағының штурманы;
  • Оспанқұлов Нұржан Әбдібақиұлы, «Бүркіт» мемлекеттік авиакомпаниясының ұшу қызметінің Ил-76 ұшағының штурман-нұсқаушысы.

Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен:

  • Қаппасов Наурыз Мерекеұлы, Төтенше жағдайлар министрлігі Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бөлімше басшысы – құтқарушы.

Сонымен қатар 112 адамға, оның ішінде құтқарушыларға, медицина қызметкерлеріне, кинологтар мен авиация мамандарына президенттің Алғысы жарияланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2010789-toqaev-turkiya-men-siriyaga-bargan-qutqarusylar-men-darigerlerdi-marapattady/

pixel