jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Алматы облысындағы ауылда халық қи татитын су ішіп отырғанын айтып, жанайқайын жеткізді (видео)

Арбамен ту тасыған тұрғын
Арбамен су тасыған ауыл тұрғыны. Скриншот: almaty.tv

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы Ащыбұлақ ауылының тұрғындары су құбырларының ескіргені салдарынан қи татитын су ішіп отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Телеарнаның хабарлауынша, тұрғындар ауылдағы су құбырының ескергеніне алаңдаулы. Ауыл тұрғындары жиналған көлшіктің бәрі ауыз су құбырына келіп ағатынын айтты.

"Су құбырының ауыстырылмағанына 50 жыл толды. Мұнда малдың нәжісі толып қалған", - дейді Ащыбұлақ ауылының тұрғыны Нұрлан Билібаев.

Телеарна мәліметінше, ауыл әкімінің орынбасары судың тезек татитынын жоққа шығарған. Оның айтуынша, бұған дейін тұрғындар шағымданбаған.

"Қазіргі таңда ауылда 446 тұтынушы бар. "Су қи татиды" деген сөз шындыққа жанаспайды. Ал құбырлардың ескі екені рас. Оларды ауыстырамыз", – деді Қазақстан ауылдық округі әкімінің орынбасары Марат Нұрланұлы.

Сонымен қатар ауыл тұрғындары кей көшелерге тіпті су құбырының тартылмағанын тілге тиек етті. Сондықтан олар күні-түні ауыз суды тасып ішуге мәжбүр екендіктерін жеткізді.

"Ащыбұлақ ауылындағы ауыз су құбырлары 1959 жылы салынған. Олардың 40 пайызы тозып кеткен. Жергілікті бюджеттен 300 миллион теңге ақша бөлінді, биыл қалған қаражат республикалық бюджеттен қарастырылады. Екі кезеңге бөліп, құрылыс жұмысын бастаймыз", – деді "Еңбекшіқазақ ауданының тұрғын үй испекциясы бөлімі" ММ басшысының орынбасары Дәурен Мәлібеков.

Телеарнаның ақпаратынша, жобаға қаржы бөлінсе де, құбыр жүргізу жұмыстары 2024 жылға дейін созылады. Өйткені бөлінген ақшаны игеру үшін алдымен мердігер мекеме анықталуы қажет.

Алматы облысындағы ауылда халық қи татитын су ішіп отырғанын айтып, жанайқайын жеткізді (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.