Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Смайылов: "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы орталығы жақында ашылады

Опубликовано:

Премьер-министр Талдықорғанда
Үкімет басшысы Әлихан Смайылов төрағалығымен Жетісу облысында өткен кеңес. Фото: primeminister.kz

Қазақстан Республикасының премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Талдықорғанда өткен кеңесте Жетісу облысының алдағы әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері қаралды деп хабарлайды, үкіметтің ресми сайты.

Өңірдің экономикалық мәселелері туралы сөз қозғаған премьер-министр логистиканы дамыту облыстағы перспективалы бағыттардың бірі екенін атап өтті.

Кеңесте Әлихан Смайылов пандемия басталғаннан бері "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы тоқтап тұрғанын, алайда қазіргі уақытта қытай тарапымен оны ашу туралы келісімге қол жеткізілгені туралы айтты.

" Қорғас жақын арада өз жұмысын бастауы тиіс. Енді дайындық жұмыстарын жеделдетіп, орталық қызметіне тартылған барлық құрылымдардың өзара іс-қимылын қамтамасыз ету керек", — деді Үкімет басшысы.

Сонымен қатар, үкімет басшысы өңірдегі инженерлік инфрақұрылым бойынша қолданыстағы кәріз желілерінің тозу деңгейі 58%-ға жеткенін, бұл ретте әкімдік тарапынан осы бағыттағы жұмысты жандандыру қажеттігін атап өтті.

Премьер-министр әлеуметтік мәселелерге де тоқтала кетті. Атап айтқанда, 2026 жылға дейін өңірде жаңа 10 мектеп ашу жоспарланғанын, осы мақсатқа республикалық бюджеттен 55 млрд теңге қарастырылғанын айтты.

Үкімет басшысы уәкілетті мемлекеттік органдарға нақты тапсырма берді. Елді мекендерде газ тарату желілерін, "Талдықорған-Үшарал" магистральдық газ құбырын салу, Талдықорғанда "Басқуат" қазандығын қайта жаңарту және Текелі қаласының тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелерін қолға алуды тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2010841-smaiylov-qorgas-sekara-many-yntymaqtastygy-ortalygy-zaqynda-asylady/

pixel