Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

400-ге жуық қазақстандық жүк көлігі Польшада тұрып қалды

Опубликовано:

Шекарада кезекте тұрған жүк көлігі
Жүк көліктері. Көрнекі фото: Serhii Hudak/Ukrinform /Barcroft Media /Getty Images

21 ақпанда Польша Еуроодақ елдерінен басқа мемлекеттердің жүк көліктерінің өз аумағы арқылы өтуіне тыйым салды. Осыған байланысты тауар тасымалымен айналысатын 400-ге жуық қазақстандық көлік аталған елдің шекарасында тұрып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Отандық жүк тасымалдаушылардың өтуін қамтамасыз ету мақсатында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қазақстандық тасымалдаушылар қауымдастығының өкілдерімен бірлесіп, жат жерде қалып қойған көліктердің тізімін жасады.

Сондай-ақ, Варшава және Вильнюс қалаларындағы Қазақстан елшіліктерімен бірлесе отырып, Польша және Литваның көлік саласындағы уәкілетті органдарымен қазақстандық автокөліктердің шығуына рұқсат беру жөнінде келіссөз жүргізді", – деп мәлімдеді көлік комитетінен.

Ведомствоның дерегінше, Литваның көлік және коммуникация министрлігімен бірлескен комиссия отырысы өткен.

Кездесуде Польша аумағында қалған қазақстандық көліктерді Литва арқылы өткізу мәселесі келісілді. Сондай-ақ, жүк тасымалын қамтамасыз ету үшін биылға арналған рұқсат бланкілерінің квотасы бекітілген.

"Қазіргі уақытта Литваға қазақстандық көліктердің тізімі ұсынылды. Оған сай, аталған ел олардың өз аумағы арқылы кедергісіз өтуін қамтамасыз етеді", – деп хабарлады көлік комитетінің баспасөз қызметінен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2010870-400-ge-zuyq-qazaqstandyq-zuk-koligi-polsada-turyp-qaldy/

pixel