jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Найман қызы
Әсел Найман қызы
Бұрынғы қызметкер

Бүгін еліміздің үш ірі қаласында күн жылынады деп күтілуде

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Астана, Алматы, Шымкент тұрғындары үшін осы апта жылы ауа райымен басталмақ. Сонымен бірге үш мегаполисте де күн ашық болады деп болжанып отыр, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Бүгін Астанада күн ашық, көшпелі бұлт шығады деп күтіліп отыр. Күндіз ауа температурасы -5…-7 градус деңгейінде болса, түнде -6…-8 градус болуы ықтимал. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с-ке дейін жетеді.

Алматыда күндіз ауа райы +3…+5 градусқа дейін жылынады, ал түнде термометр көрсеткіштері -2…-4 градусқа дейін төмендейді. Оңтүстік астанада жауын-шашын болмайды деп болжануда. Сол сияқты қалада желдің жылдамдығы 0-5 м/с-ке дейін жетеді.

Дүйсенбі күні Шымкент тұрғындарын да ашық әрі жылы күн күтіп тұр, күндіз ауа температурасы +9...+11 градусқа дейін жылынады. Ал түнде сынап бағанасы -1…-3 градусқа дейін төмендемек. Желдің жылдамдығы 5-10 м/с деңгейінде болады.

Бүгін еліміздің үш ірі қаласында күн жылынады деп күтілуде

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.