20 градусқа дейін жылы: көктемнің алғашқы күндері ел аумағында ауа райы қандай болады
Жарияланған күні:
Синоптиктер қыстың соңғы күні мен көктемнің басында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК ресми сайтында.
Метеорологтардың мәліметінше, алдағы үш күнде яғни, 28 ақпан мен 2 наурыз аралығында ел аумағында жауын-шашын, (қар, жаңбыр) көктайғақ, тұман, екпінді жел, республиканың солтүстік-батысында және солтүстігінде боран, қатты жауын-шашын күтіледі.
Тек оңтүстік-шығыста, шығыста 28 ақпан - 1 наурыз аралығында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Сондай-ақ синоптиктердің болжамынша, алдағы тәуліктерде Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды.
Мәселен, күндізгі уақытта еліміздің солтүстік жартысында +3...+5 градус, ал оңтүстік жартысында +15...+20 градусқа дейін жылы болады деп күтілуде.
Дегенмен, республиканың батысы мен солтүстік-батысында күндіз ауа температурасы 0...-10 градусқа дейін біртіндеп төмендеуі ықтимал.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2011033-20-gradusqa-deiin-zyly-koktemnin-algasqy-kunderi-el-aumagynda-aua-raiy-qandai-bolady/