Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Отбасылық ансамбль құрған": Ақтөбеде 21 баласы бар жанұя туралы не білеміз (видео)

Опубликовано:

Жетесовтер отбасы
Жетесовтер отбасы. Фото: Астана телеарнасы

Ақтөбеде 21 баласы бар отбасы тұрады. Жетесовтер әулетіндегілердің бәрі шетінен өнерлі. Ән айтады, жетіген, қобыз, домбыра түрлі ұлттық аспаптарда ойнайды. Балаларды өнерге, музыкаға баулыған ата-ана отбасылық "Шашу" халықтық ансамблін құрған, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Телеарнаның хабарлауынша, Өмірхан мен Амангүлдің өзінің үш баласы бар. Жастайынан жетімдік көрген олар кейін балалар үйінен 18 сәбиді бауырына басыпты.

"Ол балаға мейірім қажет. Тамақ, киім, жылы үй бәрі ол үкіметте де бар. Сондықтан ерекше мейірім мен махабатта болсаңыз, сол балаларды бауырға басып шын сүйіп шын көңілмен жақсы көрсеңіз. Ол бала ата-ана мейірімін көрген кейін ыстық ықылас, құшағын көргеннен кейін ешқашанда бөтен болмайды. Ол өзіңнің балаң болады", - деді көпбалалы ана Амангүл Ешпанова.

Қазір балалардың үлкені - 25 жаста, кішкентайлары - 9, 10 жаста. Отбасында бес баланың ұлты орыс болғанымен, жаны - қазақ. Жеткіншектердің барлығы ұлттық аспапта еркін ойнап, дәстүрлі ән, терме айтады. Фольклорлық жыр-дастандарды жатқа біледі.

"Мен өзім домбыраны қаладым. Ойнайтын аспабым - домбыра. Наурызбек атамыздың, Әбубәкір Кердері атамыздың термелерін білемін. Едіге дастанды жаттап жатырмын", - деді ұлы Темірхан Жетесов.

21 баланы өсіріп, оларға мейірім мен махаббат беріп, өнерге баулып, әрқайсысының тұлға болып қалыптасуына үлес қосып жүрген Жетесовтер әр баланың орны бөлек екенін айтады.

"Ең бірінші ойымыз - сол балаларды музыкалық, арнайы мектептерде оқытып, сосын олардан бір ансамбль құрып, елдімекенді, жер-жерді аралап, өз табысымды өзіміз тауып жүру. Өзімізге өзіміз еңбек ету деген сияқты ойластырдық. Айтып айтып келе, сол арманымыз орындалды", - деді Амангүл Ешпанова.

Телеарнаның мәліметінше, олардың отбасылық ансамблі республикалық, халықаралық байқауларда топ жарып жүр. Тіпті әлемнің 96 елі ұлттық өнерді насихаттайтын ансамбльді қонаққа шақырған. Алдағы жазда Жетесовтер шет елдерді араламақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2011057-otbasylyq-ansambl-qurgan-aqtobede-21-balasy-bar-zanuya-turaly-ne-bilemiz-video/

pixel