Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Балқаш" командасы "Маусымашар-2023" гала-концертінде өнер көрсетті

Опубликовано:

Жайдарманға қатысушылар
Жайдарманға қатысушылар. Фото: "Қазақмыс"

"Балқаш" КТК командасы "Қазақмыстың" қолдауымен республикалық "Маусымашар-2023" фестивалінің гала-концертінде өнер көрсетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фестиваль "Жайдарман" ойындарының 2023 жылғы маусымының ашылуымен басталды. Жыл сайын "Жайдарманға" қатысу үшін Қазақстанның түкпір-түкпірінен жүздеген команда, яғни мыңдаған жас жиналады. Бұл жолы "Маусымашар-2023" фестивалінде 240 команда бағын сынады. Фестивальдың қорытынды бөлігі саналатын гала-концертке ең үздік деген 14 команда шықты. Олардың арасында республикалық Астана Лигасына енген балқаштықтар да бар.

"Балқаш" командасы қатысушыларының бірі Әрсен Ербол - Балқаш жөндеу-механикалық зауытының жұмысшысы, ал анасы БМЗ-да еңбек ететінін айта кету керек. Ал команданың тағы бір өкілі Алмат Мұсақожаның әкесі "Tranco Express" ЖШС-да жұмыс істейді.

Жігіттер ойын кезінде ерекше тапқырлық танытып, әзіл-қалжыңымен сүйсіндіріп, актерлік қабілетін көрсете білді. Алда көктемгі жайдарман ойындары күтіп тұр. Балқаштықтарға Республикалық көңілді тапқырлар клубының тұғырына жету жолында сәттілік тілейміз!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2011185-balqas-komandasy-mausymasar-2023-gala-koncertinde-oner-korsetti/

pixel