Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық журналистерге жасалған шабуылды үйлестірген күдікті 2 айға қамауға алынды

Опубликовано:

ұсталған адам
Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Журналистерге арандатушылық шабуылдарды үйлестірді деген күдікті екі айға қамауға алынды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісіне Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

"Алматының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылғы 24 ақпандағы хабарламасына сәйкес, соттың қаулысымен сотқа дейінгі тергеу органының өтінішхаты 2 ай мерзімге, яғни 2023 жылғы 22 сәуірге дейін күдікті Т.–ға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануға қанағаттандырылды және санкцияланды", – деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.

Еске салайық, бүгін Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті қазақстандық БАҚ қызметкерлеріне шабуыл ұйымдастырды деп күдікке ілінген бір топ адамның іс-әрекетінің жолын кескендігін хабарлаған болатын.

Ұсталғандардың арасында, құзырлы органдардың мәліметінше, арандатушылық шабуылдардың үйлестірушісі, шетелдік азамат, білікті хакер бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2011197-qazaqstandyq-zurnalisterge-zasalgan-sabuyldy-uilestirgen-kudikti-2-aiga-qamauga-alyndy/

pixel