Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақмыс" қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы үздік жұмысшыларды анықтады

Опубликовано:

"Қазақмыс" қызметкерлері
"Қазақмыс" қызметкерлері. Фото: "Қазақмыс"

"Қазақмыс корпорациясы" ЖШС-да өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғаудың барлық ережесін сақтайтын ең үздік жұмысшылар анықталды. Дәстүр бойынша дауыс беру арқылы іріктеліп алынған жеңімпаздарды "Қауіпсіздік сағаты" деп аталатын дәстүрлі іс-шара аясында марапаттады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

ӨҚжЕҚ саласы бойынша өткізілген байқау "Қазақмыста" 2 желтоқсан күні басталған. Лауазымы мен мамандығына қарамастан, компанияның әр қызметкері номинанттардың біріне өз дауысын беру мүмкіндігіне ие болды. Онлайн дауыс беруге корпорацияның барлығы 3 мыңнан астам жұмысшысы қатысқан. Үш айға жуық уақыттан соң 10 аталымның әрқайсысы бойынша үш адам, барлығы 30 жеңімпаз іріктеліп алынған.

Осылайша "ӨҚжЕҚ саласындағы үздік жұмысшы" аталымы бойынша бірінші орынды "Балқашцветмет" ӨБ "Саяк" кен орнының электргазды дәнекерлеушісі Рая Тубекова ұтып алса, "Үздік желілік басшы" аталымы бойынша бірінші орын "Нұрқазған" кен орнының жарылғыш заттар қоймасының участок шебері Нина Еспенбетоваға бұйырды.

"Облыстағы кәсіпорынның үздік басшысы" болып Нұрқазған кен-байыту фабрикасының бас инженері Ғибадат Темірбекұлы, "ӨҚжЕҚ саласындағы үздік бейінді маман" болып "Балқашцветмет" ӨБ "Шлакоотвал" цехінің аға механигі Алмас Әмірбаев, "ӨҚжЕҚ бөлімінің үздік жұмысшысы" болып Нұрқазған кен-байыту фабрикасының ЕҚ және ЕҚҚ бөлімінің бас маманы Айнұр Байжұманова танылды.

"ӨҚжЕҚ саласындағы үздік әдіскер" аталымын "Жезқазғанцветмет" ӨБ, №57 Шығыс-Жезқазған кен орнындағы №15 шахтаның тау-кен шебері Павел Поленчук жеңіп алса, "ӨҚжЕҚ саласындағы үздік бригада басшысы" болып "Жомарт" кен орнының №1 өндіруші участогында теспе бұрғылаушысы болып істейтін Медет Махатов танылды. Сонымен бірге "ӨҚжЕҚ саласындағы үздік участок басшысы" аталымы бойынша "Батыс" кен орны №67/70 шахтасы №2 өндіруші участогының басшысы Бауыржан Идрисов, ал "Үздік тау-кен шебері" аталымы бойынша "Жыланды" кен орны №10 участогының тау-кен шебері Нұржан Кушеков Шакиржанұлы жеңіске жетті.

Сондай-ақ байқауға қатысушылар ӨҚжЕҚ саласында ынталандыру бейнероликтерін әзірлеген. "Қазақмыстағылар" Қарағандыцветмет" ӨБ Нұрқазған кен-байыту фабрикасы Энергожөндеу участогының электрлі жабдықтарды жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электромонтердің жұмысына тамсанды.

"Қауіпсіздік сағаты" аясында әр жеңімпазға грамоталар мен ақшалай сыйлықтар табысталды. Байқауды ұйымдастырушылардың айтуынша, көзге түскен жұмысшылар өзге қызметкерлер үшін үлгі болып, оларды өнеркәсіптік қауіпсіздіктің барлық ережесін сақтауға ынталандырмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2011201-qazaqmys-qauipsizdik-zane-enbekti-qorgau-salasyndagy-uzdik-zumyssylardy-anyqtady/

pixel