Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Петропавлда саяжайдағы үйлердің бірінен 50-ден астам еліктің еті табылды (фото)

Опубликовано:

Петропавлда тәркіленген еліктің еті
Оқиға орны. Фото: Рolisia.kz

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері Петропавлда саяжайдағы үйлердің бірінен 50-ден астам еліктің етін тәркіледі, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияның хабарлауынша, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қарамағына Петропавл тұрғындарының бірінде тіркелмеген қарудың болуы туралы ақпарат түскен.

СҚО полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері облыстық полиция ведомствосының басқа бөлімшелерімен бірлесіп, аса ірі мөлшерде заңсыз аң аулауға күдікті Петропавлдың үш тұрғынын ұстаған.

Құқық қорғау органдары мамандарының айтуынша, дүйсенбі, 27 ақпан күні таңертең Челябинск — Новосибирск тас жолының 525 шақырымын тексеру кезінде полиция қызметкерлері 28 жастағы азаматтың басқаруындағы ВАЗ-2115 автокөлігін тоқтатқан.

Салонда 29 және 30 жастағы Петропавл қаласының тұрғындары да болған.

"Автокөліктің жүксалғышын қарау кезінде Сібір елігінің 4 ұшасы, сондай-ақ ТОЗ екі тіркелмеген тегіс ұңғылы мылтық, 2 патрон, гильза және басқа да аңшылық құрал-жабдықтар табылып, тәркіленді. Бұдан әрі іс-шараларды өткізу кезінде Петропавлдағы саяжай қоғамдарының біріндегі үйден 2 ұшасы мен 41 елік терісі, 119 тұяқ, 12 бас жануар тәркіленді", – дейді СҚО ПД ҰҚҚКБ бастығы Жандос Басыбаев.

Бұл факт Қылмыстық Кодекстің 337-бабының 3-бөлігі "Заңсыз аңшылық" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

"Тәркіленген қару мен жануарлардың қалдықтары сараптамаға жіберілді. Күдіктілер Петропавл қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деп хабарлады Басыбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2011207-petropavlda-sayazaidagy-uilerdin-birinen-50-den-astam-eliktin-eti-tabyldy-foto/

pixel