Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бір күн күзетші болып істеймін": Түркияға барған астаналық құтқарушы айлығының тым аз екенін айтты

Жарияланған күні:

Ерден Қабылтаев сұхбат барысында
Ерден Қабылтаев. Фото: "Сұрауы бар" бағдарламасы

Түркиядағы жер сілкінісінен соң құтқару жұмысына қатысқан Ерден Қабылтаев құтқарушылардың жалақысы аз екенін, сондықтан, екінші жерде жұмыс істейтінін айтты. Бұл туралы "Сұрауы бар" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Соңына дейін жұмыс істедік. Қорқыныш бәрінде болады. Қалаға кіргендегі сезімді сөзбен жеткізе алмаймын. Қорқынышты. Объектіде 24 сағат жұмыс істедік. Кейін ауысым бойынша шығып отырдық. Күніне 9-10 өлік көреміз. Оның үстіне, бұл жай өлік емес, мыжылып кеткен. Плитаның астында қысылып қалғандар бар. Мұның бәрі іште. Өзім сондай адаммын. Мұндай нәрселер көрсем, тез ұмытып кетемін", - деді ол.

Ерден Қабылтаевтың төрт баласы бар. Ол құтқарушының айлығы аз болған соң, екінші жұмыс істейтінін жасырған жоқ.

"Айлығымыз аз енді. Негізгі еңбекақымыз - 102 мың. Бір айда 150-160 мыңдай қолға тиеді. Бала-шаға бар, кредит бар. Сол үшін екінші жерде күзетші болып істеймін", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2011238-bir-kun-kuzetsi-bolyp-isteimin-turkiyaga-bargan-astanalyq-qutqarusy-ailygynyn-tym-az-ekenin-aitty/