Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгін Қазақстан бойынша дабыл іске қосылады

Опубликовано:

Дабыл
Көрнекі фото: Stephen Tjipto Hartono/Getty Images

Бүгін, 1 наурыз - Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күнінде Қазақстан бойынша дабыл іске өосылады. Осылайша, құтқару қызметі ескерту жүйесін тексереді, деп хабарлайды ТЖМ ресми сайтында.

Ведомствоның мәліметінше, азаматтардың қауіпсіздігі мәселелеріне жұртшылықтың назарын аудару, төтенше жағдайларды болдырмау және орын ала қалған жағдайда қауіпсіз жүріп-тұру ережелерін дағдылау мақсатында жыл сайын Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні атап өтіледі.

Наурыз айында өңірлерде жаппай ашық есік күндері, семинарлар, викториналар, конкурстар, халықтың әртүрлі санаттарымен, оның ішінде барлық деңгейдегі білім беру мекемелерінде үлгілік оқу-жаттығулар мен жаттығулар өткізілетін болады.

Сонымен қатар дәстүр бойынша, 1 наурызда барлық өңірлерде сиреналар мен дауыс-зорайтқыш құрылғыларын қоса отырып "Баршаның назарына!" дабылы беріледі.

Министрліктің мәліметінше, Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні жыл сайын белгілі бір ұранмен өтеді. Биылғы жылы  "Тәуекелдерді бағалаудағы ақпараттық технологиялардың рөлі" ұраны таңдалған. .

"Соңғы уақытта смартфондарға жүктелген мобильді қосымшалар халық арасында кеңінен қолданылады. ТЖМ өз жұмысында "Darmen" мобильді қосымшасын белсенді пайдаланады, ол халықты тегін хабарлау сервисін қамтиды, трассалардың ашылуы/жабылуы, мектептердегі сабақтардың тоқтатылуы, дауылды ескертулер және т.б. туралы жедел хабарлама алуға мүмкіндік береді", - деп хабарлады ведомстводан.

ТЖМ "Darmen" қосымшасынан бөлек, 2 ГАЖ (2ГИС) қосымшасын да қолданады. Онда төтенше жағдайлар кезінде халықты жинау-эвакуациялау және қабылдау-эвакуациялау бекеттері, суға шомылуға тыйым салынған және рұқсат берілген орындар туралы мәліметтерде  орналастырылған (Алматы Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Ұлытау облыстарын қоспағанда).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2011255-bugin-qazaqstan-boiynsa-dabyl-iske-qosylady/

pixel