jitsu gif

Алматыдағы ботаникалық бақта бәйшешектер гүлдеді (видео)

Бәйшешектер
Гүл атқан бәйшешектер. Көрнекі сурет: pixabay.com

Бүгін, көктемнің алғашқы күнінде Алматыда бәйшешектер гүлдеді. Видеоны ботаникалық бақ Instagram-дағы ресми аккаунтында жариялады.

Ботаникалық бақ қызметкерлерінің ақпаратынша, бәйшешекті галантус деп те атайды.

"Ақ бүршіктері бар нәзік өсімдіктің шығуы қыстың аяқталғаны деп сеніммен айта аламыз. Бәйшешектерді жаңа өмірге үміт пен суықты жеңудің символы деп атауы тегін емес", - делінген жазбада.

Сондай-ақ ботаникалық бақ өкілдері Қазақстан халқына бұл гүлдердің "Қызыл кітапқа" енгенін атап өтті. Мамандар азаматтардан галантустарға мұқият және ұқыпты қарауды, аяқпен таптамауды, оларды жұлмауды сұрайды.

"Қызыл кітап" кітапқа енген өсімдіктерді жұлу айыппұл түрінде, тіпті үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасымен өтелуі мүмкін. Бүр атқан алғашқы гүлдердің сұлулығын алыстан тамашалаңыздар", - деді ботаникалық бақ қызметкерлері.

Еске сала кетсек, бұған дейін Түркістан облысында бәйшешек бүр жарғанын хабарлаған едік.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.