Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жүксалғыштан табылды": Алматы полицейлері адам ұрламақшы болғандардың жолын кесті (видео)

Опубликовано:

Ер адам көліктің жүксалғышынан шығуда
Көліктің жүксалғышынан шыққан ер адам. Видеодан кадр: Рolisia.kz

Алматы қаласының полиция қызметкерлері адам ұрлау фактісінің орын алуына жол бермеді. Оқиға 28 ақпан күні кешкісін Алмалы ауданында болған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласы ПД ЖПҚБ ППП взводының командирі Мейіржан Қалкеевтің айтуынша, сейсенбі күні кешкісін ЖБО жедел кезекшісінен Chevrolet көлігіне адамды күштеп отырғызу туралы хабарлама келіп түскен.

Осыдан кейін қала бойынша арнайы "Перехват" жоспары енгізілген. Chevrolet көлігі Гоголь мен Пушкин көшелерінің қиылысында көзге түскен. Ізіне түсу нәтижесінде полицейлер көлікті Мақатаев пен Жетісу көшелерінің қиылысында тоқтата алған.

"Салонда үш адам болған, олар ұсталды. Жүксалғыштан тағы бір ер адам табылды, ол аталған көліктің иесі екені белгілі болды. Күдіктілер жедел-тергеу тобына тапсырылды. Олардың әрекетіне құқықтық баға берілетін болады", – дейді Мейіржан Қалкеев.

Ақпараттық порталдың жазуынша, ұсталған күдіктілер Chevrolet көлігінің иесі өздерін (ірі көлемдегі қаржы мәселесі бойынша) алдап кеткенін айтқан. Осылайша олар қарыздарын қайтарып алмақ болған. Ал жәбірленуші керісінше айтқан. Сондай-ақ ол өзін құтқарған полиция қызметкерлеріне алғысын білдірген.

Полиция қылмыстық істің басқа да мән-жайы ҚПК-нің 201-бабы және Конституцияның нормаларына сәйкес жария етуге жатпайтынын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2011326-er-adam-zuksalgystan-tabyldy-almaty-policeileri-adam-urlamaqsy-bolgandardyn-zolyn-kesti-video/

pixel