Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы полициясы 8 жыл бұрын болған кісі өлтіру қылмысына күдікті азаматтарды анықтады

Опубликовано:

Түрме
Түрме. Фото: pexels.com

Алматы полицейлері сегіз жыл бұрынғы кісі өлтіру қылмысының бетін ашты. 2015 жылдың наурыз айында Алматының Түрксіб ауданында кісі өлтіру дерегі тіркеліп, сол кезде жеке жүргізуші болып жұмыс жасаған 60 жастағы С. есімді азаматтың мәйіті табылған болатын, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция мәліметінше, сот-медициналық сараптама өлімнің тұншығудан болғанын анықтаған.

"Сонымен қатар такси жүргізушісінің Nissan көлігінің жоғалғаны анықталды. Күдіктілер қарақшалық тонау жасап, автокөлікті иемдену мақсатында кісі өлтіру әрекетін жасаған. Бірақ көлікті иелік ете алмаған. Бірнеше күннен кейін көлік табылды.

Қалалық криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жоғарыда аталған қылмысты жасаған 30 жастағы С. есімді, 26 жастағы С. есімді және 29 жастағы Б. есімді азаматты ұстады. Олар қамауға алынды", — деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.

Полиция мәліметінше, 201-бапқа және Конституциясының нормаларына сәйкес қылмыстың басқа да мән-жайлары жария етуге жатпайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2011399-almaty-policiyasy-8-zyl-buryn-bolgan-kisi-oltiru-qylmysyna-kudikti-azamattardy-anyqtady/

pixel