Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Балконда кәуап пісірген ақтаулықтарға бірнеше айыппұл салынады

Опубликовано:

Балконда кәуап пісірген ер адамдар
Балконда кәуап пісірген тұрғындар. Скриншот: Lada.kz

Ақтау қаласының 32-шағын ауданындағы жаңа тұрғын үйлердің бірінің балконында кәуап пісірген ер адамдарға әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің бірнеше бабы бойынша айыппұл салынады, деп хабарлайды Lada.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Куәгерлер көпқабатты үйлердің бірінің балконында түтіндетіп, кәуап пісірген тұрғындарды видеоға түсіріп алған. Олардың әрекеті көршілердің наразылығын тудырған.

Кейін Маңғыстау облысының полиция департаменті учаскелік инспекторлар ер азаматтарға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 505-бабының 1-бөлігінде қарастырылған "Қалалар мен елдімекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу" бойынша хаттама толтырғанын хабарлады.

Сонымен қатар Ақтау қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғаныс аға лейтенанты Мақсат Шапхатов ер адамдардың тұрғын үйдің балконында кәуап пісіру мақсатында от жағып, өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғанын айтты.

"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 410-бабы"техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу немесе орындамау" бойынша хаттама толтырылды. Ол өз кінәсін толық мойындады" , - деді Ақтау ТЖ басқармасының бас маманы, азаматтық қорғаныс аға лейтенанты Мақсат Шапхатов.

Айта кетейік, әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 410-бабы бойынша "техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, ұйымдарда, ғимараттарда, құрылысжайларда, құрылыстарда, тұрғын үйлерде, қоғамдық орындарда, ауыл шаруашылығы алқаптарында, технологиялық қондырғыларда, жабдықтарда, агрегаттарда және өзге де мүлікте Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу немесе орындамау – ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады"- делінген кодексте.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2011412-balkonda-kauap-pisirgen-aqtaulyqtarga-birnese-aiyppul-salynady/

pixel