Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы өзеннен нәрестенің денесі табылды: полиция анасын іздестіруде

Опубликовано:

Cәбидің аяғы
Нәрестенің аяғы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Алматыда өзеннен өлі күйінде табылған нәрестенің анасын полиция іздестіріп жатыр, деп хабарлайды КТК арнасы.

Телеарнаның хабарлауынша, целофанға оралған сәбидің денесін сол маңда қыдырып жүрген тұрғындардың бірі көріп, полицияға хабарлаған. Қазіргі таңда шақалақтың анасы әлі де табылған жоқ.

"Шақалақты тапқан кезде, куәгер ретінде мен болдым. Шақалақ целофанның ішінде болды, сыртынан екі сүлгімен оралған. Сәбидің шекесін тышқандар, әлде құстар ма, шоқып тастаған" - дейді куәгер Андрей Григорьев.

Қазір тәртіп сақшылары қалалық емханалар мен перзентхана қызметкерлерінен жауап алуда. Жергілікті тұрғындар баланың анасы туралы ештеңе білмейді.

Полицейлер сәбидің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді.

"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық қажетті шара қабылданып жатыр. Өлімнің себебін және ата-анасын анықтау үшін қажетті сараптамалар тағайындалды", - деді Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі жетекшісінің орынбасары Еркін Өтегенов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2011429-almatydagy-ozennen-narestenin-denesi-tabyldy-policiya-anasyn-izdestirude/

pixel