Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмолалық полицейлер Екінші дүниежүзілік соғыс кезінен қалған пулемет-тапанша тауып алды (фото)

Опубликовано:

1944 жылғы Шпагин пулемет-тапаншасы
Тәркіленген қару. Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Шучинск қаласының тұрғынынан Екінші дүниежүзілік соғыс кезінен қалған пулемет-тапанша табылды, деп хабарлайды ІІМ Telegram-дағы ресми арнасында.

Telegram-арнаның жазуынша, "Мал ұрлығы" ЖПІШ-ін өткізу барысында Ақмола облысының полиция қызметкерлері 58 жастағы тұрғынның үйінен Екінші дүниежізілік соғыс кезеңіне тиесілі 7,62 калибрлі Шпагин пулемет-тапаншасын тауып алып, тәркілеген.

Шучинск қаласының тұрғыны қаруды ақпан айында металл қабылдау пункті болған аумақтан тауып алғанын айтқан.

"Тексеру кезінде қарудың "Тіркелген қару" және "Қылмыстық қару" есебі бойынша мәліметтер базасында жоқ екені анықталды. Баллистикалық сараптама тағайындалды. Қаруды заңсыз сақтау фактісі Қылмыстық кодекстің 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді", – делінген хабарламада.

Полиция қазіргі кезде тергеу жалғасып жатқанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2011491-aqmolalyq-policeiler-ekinsi-duniezuzilik-sogys-kezinen-qalgan-pulemet-tapansa-tauyp-aldy-foto/

pixel