Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Журналистерге шабуыл ұйымдастырды деген күдіктінің сыбайластары анықталды

Опубликовано:

камера
Камера. Көрнекі фото: pixabay.com

Журналистерге шабуыл ұйымдастырды деген күдіктінің сыбайластары анықталды, деп хабарлайды ІІМ-нің polisia.kz ақпараттық медиа-порталы.

Айта кетейік, бұған дейін Ішкі істер министрлігі журналистерге шабуыл ұйымдастырды деген күдікпен шетелдік О.Токарев есімді азаматтың ұсталғанын хабарлаған болатын.

ІІМ мәліметінше, ол өзінің кінәсін мойындап, тергеуге көмектесуге келіскен. Тергеу барысында оған басқа шетел азаматтары – К.Литвиновтің, С.Шаповаловтың, Б.Демченко мен Я.Малышоктың белсенді көмек көрсеткені анықталған.

"Токаревтің өзі ұйымдастырушы және үйлестіруші ретінде, ал топтың басқа қатысушылары – Литвинов, Шаповалов және Демченко рекрутерлер рөлін атқарып, Қазақстан азаматтары арасынан арандатуды тікелей іске асырушыларды, яғни "қабандар" деп аталатын орындаушыларды іздеумен және қылмыстық әрекетке тартумен айналысқан.

Сондай-ақ олар ашық ақпараттық дереккөздерден жәбірленушілерге қатысты мәліметтерді жинаған. Мемлекеттік ақпараттық деректерге рұқсаты бар тұлғаларды іздестірген. Токаревпен бірге арандатуларды іске асыру жолдарын (көліктерді өртеу, қауіп төндіру және шабуылдау) әзірлеген.

Малышок хакерлік бағытқа жауапты болып (флуд, DDos, бұзу және т.б.), Orda және Elmedia сайттарына DDos-шабуылдарын өзі ұйымдастырған. Ulysmedia редакциясының сайтын бұзған", - делінген ІІМ хабарламасында.

Сондай-ақ ведомство қазіргі таңда Бас прокуратурамен бірге Токаревтің сыбайластарына халықаралық іздеу жариялау мәселесі пысықталып жатқанын атап өтті.

Сонымен қатар ІІМ бастамашылдарды анықтау бойынша жұмыстар жалғасып жатқанын, нәтижелері қосымша хабарланатын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2011507-iim-zurnalisterge-sabuyl-uiymdastyrdy-degen-kudiktinin-sybailastary-anyqtalganyn-xabarlady/

pixel