jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

"Жалдамалы пәтерде ұстап, ақша талап еткен": Алматыда 40 жастағы ер адамды ұрлап кеткен

Қолы кісенделген ер адам
Қолы кісенделген ер адам. Көрнекі фото: Рexels.com

Алматы полицейлері 40 жастағы азаматты ұрлап, одан ақша бопсалады деген күдікпен үш адам ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Бостандық аудандық полиция басқармасының мәліметінше, алдын ала тергеу деректеріне сәйкес, күдіктілер 40 жастағы алматылық тұрғынды ұрлап әкетіп, оны жалдамалы пәтерде ұстаған.

Олар жәбірленушіге күш қолданып, алдымен оның ұялы телефоны және алтын шынжырын тартып алған. Сондай-ақ одан 1 млн теңге талап еткен.

"Мұндай сомма Г. есімді азаматта болмаған. Сол кезде күдіктілер жәбірленушіден ақшаны таныстарынан алуды талап еткен. Жәбірленуші жолда патрульдік көлікті көріп қалып, көмек сұрап, айқайлаған", – дейді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Қанапяев.

Күдіктілер қашқанымен көп ұзамай тәртіп сақшыларының қолына түскен.

"Олардың бірі 28 жастағы Ф. есімді Алматы облысының тұрғыны. Қалған екеуі яғни 29 жастағы С. және 27 жастағы Ж. есімді азаматтар Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары. Күдіктілер ҚПК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды", – дейді Мақсат Қанапяев.

Полиция аталған дерек Қылмыстық кодекстің 194-бабы 3-бөлігі ("Бопсалау") және 125-бабы 2-бөлігі ("Адам ұрлау") баптары бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін атап өтті.

Құзырлы орган ҚПК-нің 201-бабы және Конституцияның нормаларына сәйкес, қылмыстың басқа да мән-жайлары жария етуге жатпайтынын айта кетті.

"Жалдамалы пәтерде ұстап, ақша талап еткен": Алматыда 40 жастағы ер адамды ұрлап кеткен

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.