Әскери институттың бірінші курс курсанты өлі күйінде табылды
Жарияланған күні:
3 наурыз күні Құрлық әскерлері Әскери институтының оқу орталығының 1-курс курсанты өлі күйде табылды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі Telegram арнасында хабарлады.
"2023 жылғы 3 наурызда Құрлық әскерлері Әскери институтының оқу орталығының қарауылдық постында 1-курс курсанты өлі күйінде табылды", - делінген Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.
Ведомствоның мәліметінше, аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайын анықтауға Құрлық әскерлері бас қолбасшысының бірінші орынбасарының бастауымен арнайы комиссия жіберілген.
Осы орайда министрлік Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етуге жатпайтынын мәлімдеді.
"Қарулы Күштердің басшылығы мен жеке құрамы сарбаздың отбасы мен жақындарына орны толмас қазасына ортақтасып, қайғыра көңіл айтады", - деді ведомстводан.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2011581-qurlyq-askerleri-askeri-institutynyn-oqu-ortalygynyn-kursanty-oli-kuide-tabyldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.