jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Алдағы демалыс күндері елімізде 24 градусқа дейін күн жылынады

Гүлдеп тұрған ағаш
Гүлдеп тұрған ағаш. Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер 4-6 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидоромет" РМК ресми сайтына сілтеме жасап.

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы демалыс күндері ел аумағында жауын-шашын (жаңбыр, қар түрінде) көктайғақ, екпінді жел күтіледі.

Сондай-ақ солтүстік аймақтарда бұрқасын болып, республиканың оңтүстік жартысында жаңбыр, таулы аймақтарда қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнауы ықтимал.

Сонымен қатар мамандар демалыс күндері кей аймақтарда ауа температурасының жоғарлайтынын болжап отыр.

Мәселен, Қазақстанның батысында түнде 0-10 градус аралығында суық болса, күндіз 0-11 градус аралығында жылы болмақ.

Ал оңтүстік-батыста түнде 5-3 градус, күндіз 7-15 градус, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста күндіз 5-15 және 15-24 градусқа дейін жылы болады деп күтілуде.

Дегенмен, синоптиктер еліміздің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде аяз сақталатынын айтады.

Алдағы демалыс күндері елімізде 24 градусқа дейін күн жылынады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.